Басты бетЖаңалықтарАлматыда көлік қағып кеткен жеті жастағы бала ауруханаға түсті

Алматыда көлік қағып кеткен жеті жастағы бала ауруханаға түсті

Алматыдағы «Шұғыла» ықшам ауданында кішкентай баланы көлік басып кетті. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 13:30-да болды.

«Шұғыла» шағынауданында оңтүстік бағыттағы аула жолымен келе жатқан Changan көлігінің жүргізушісі шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан жеті жастағы баланы қағып кеткен. Салдарынан бала дене жарақатын алып, қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды, — делінген хабарламада.

Наурызбай аудандық полиция басқармасы апаттың мән-жайын анықтауға кірісті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да