Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр.
Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.
Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сонымен қатар қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік бермек. Былтыр министрлік 14 облыстағы 84 нысанға көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген.
Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық нысандардың иелері әр бес жыл сайын өздеріне тиесілі құрылыстарға көпфакторлы тексеру жүргізуге міндетті. Тексеріс нәтижесінде қауіпсіздік декларациясы жасалып, ол бассейндік су инспекциясында тіркелуі қажет, – деген су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.