Басты бетЖаңалықтарЖеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қайдан көруге болады?

Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадты қайдан көруге болады?

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтеді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам қатысады. Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сонымен бірге Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сонымен қатар майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да