Басты бетЖаңалықтарВьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алады

Вьетнамдық компания Қазақстанда әуежай сатып алады

Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы Қазақстанда әуежай сатып алуға мүдделі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары-ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеп отыр.

Бұған дейін вьетнамдық компания Qazaq Air-ды сатып алған болатын. Жақында компания басшысы Қазақстанға да келіп кетті.

Мен онымен кездестім. Олар әуежайды сатып алуды қарастырып жатыр, басқаруға аламыз дейді. Себебі әуе компаниясы үшін базалық әуежай керек, — деді Серік Жұманғарин журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде нақты қай әуежай басқаруға берілетіні белгісіз. SOVICO Group-та үлкен халықаралық келісімшарттар бар. Компания қарқынды дамып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да