Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда ет өнімдерін өндіру көлемі екі есеге артты

Қазақстанда ет өнімдерін өндіру көлемі екі есеге артты

Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025 жылдың алғашқы екі айында сиыр мен қой етінің экспорты 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге өскенін хабарлап отыр.

Шұжық өнімдерінің экспорты 2,7%-ке, ет консервілері 3,6 есеге өсті.

Жаңа сойылған мал еті және салқындатылған ет өндірісі 2024 жылы 5%-ке – 79,9 мың тоннадан 83,8 мың тоннаға дейін, шұжық өнімдерін өндіру – 5,2%-ке – 71,9 мың тоннаға дейін, ет консервілері – 4,9%-ке – 5,9 мың тоннадан 6,2 мың тоннаға дейін өсті.

2025 жылдың алғашқы үш айында еттің барлық түрін өндіру көлемі 2,8%-ке өсті, сонымен қатар:

  • субөнімдер – 20%-ке;
  • шұжық өнімдері – 12,6%-ке;
  • ет консервілері – 34,6%-ке.

Жеткізудің негізгі бағыттары мынандай болып отыр:

  • Өзбекстан – 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті;
  • БАӘ – 1,2 мың тонна қой еті;
  • Иран – 1,2 мың тонна қой еті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да