Басты бетПрезидент сайлауына...

Президент сайлауына түскісі келетін үміткерлерге қосымша талаптар қойылады

Министр Марат Бекетаев кейбір заңдарға енгізілетін қосымша өзгертулерді айта келе, Президенттікке үміткерге қосымша талаптар қойылатындығын жеткізді. Оның айтуынша, «Сайлау туралы» Конституциялық заңында Президенттікке үміткерге қойылатын қосымша талаптар енгізіледі.

Енді үміткердің мемлекеттік қызметте немесе сайланатын мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл тәжірибесінің болуы керек. Сондай-ақ, міндеттерін орындауға кедергі болатын аурулардың жоқтығын растау үшін медициналық куәландырудан өтуі тиіс.

«Қазіргі таңда бұл норма «Сайлау туралы» заңға енді енгізіліп отыр. Нәтижесінде орталық сайлау комиссиясында заңға тәуелді актілерде бұл норма болады. Медициналық куәландыру мәселесімен Денсаулық сақтау министрлігі және орталық сайлау комиссиясы айналысады. Бұл – міндетті талап. Норма заңда жазылып, мазмұны мен рәсімді өту тәртібі түсінікті болады. Нақты талаптар кейін белгілі болмақ. Мемлекеттік маңызы бар жұмыстарды атқару үшін ол осыған дайын болуы керек. Әрине, президент мемлекеттік тілді білуі тиіс. », — деді ол.

Министрдің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда тиісті заңға тәуелді актілер дайындалып жатыр. Оны Орталық сайлау комиссиясы мен Денсаулық сақтау министрлігі дайындайды.

ДереккөзBaq.kz