5-12 мамыр аралығында Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Райымбек даңғылында аумақты жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңарту жұмыстары 348/1-Райымбек даңғылы, 451а мекенжайлары бойынша жүргізіліп жатыр. Жұмыстың жолдың екі бетінде де, яғни оңтүстік және солтүстік жағында да атқарылып жатыр.
Жобаға сәйкес, Aspara және Zeinet бизнес орталықтарының автотұрақ аумағындағы 1 500 шаршы метрді құрайтын ескі асфальт төсемдері алынып тасталады, сонымен қатар 500 метр гранит жиектерді бөлшектеледі. Оның орнына 400 метр гранит жиектері, 300 метр поребрик монтаждалады.
Бұл жаяу жүргіншілер аймақтарын, веложолдарды абаттандыру және көгалдандыру үшін кеңістікті босату үшін қажет.
Жаңарту жұмыстары кезінде көшенің кейбір учаскелері ішінара жабылуы мүмкін.