Басты бетЖаңалықтарАлматыда 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылады

Алматыда 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылады

Биыл Алматының тұрғындарын сумен қамту деңгейі 99,6%-тен 99,9%-ке дейін артады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Биыл 190 километр желі салуға және жаңғыртуға 23 келісімшарт жасалып, қазір 16,3 шақырым су желісі салынды. Ақсай» өзеніндегі су алатын құрылғының құрылысы 85%-ке орындалды. Ал «Ерменсай» нысаны бойынша мердігерді таңдау үшін 2025 жылғы 9 сәуірде байқау жарияланды.

Суды үнемді пайдалану мақсатында жыл басынан бері 39 мың жеке су есептегіш құрылғы орнатылды, оның ішінде 8,9 мыңы – сәуірде. Бұл есептегішпен жабдықтау деңгейін 2024 жылғы 67%-тен 2025 жылғы сәуірде 75%-ке дейін жеткізді. Жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 90%-ке жетеді деп жоспарланып отыр. Жалпы биыл тұрғындарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін 260 километр сумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланады, – делінген қала әкімі Ерболат Досаевтың 1-30 сәуір аралығындағы президентке берген есебінде..

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да