Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады

Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады

Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз»  басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеп отыр.

«ҚазМұнайГаз» ірі жобаны іске асыруға кірісіп кеткен. Полиэтилен өндіретін зауыттың толық масштабты құрылыс жұмыстары осы жылы басталды.

Осы жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба – газ сепарациялау кешені мен магистральдық құбырларды салу іске асырылады. Үш жобаның жалпы құны шамамен 11 миллиард АҚШ доллар болды, бұл ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициясы. Бүгінгі күні барлық инвестициялық шешім қабылданды. Үкімет қолдағанның арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде ҚМГ және «Полиэтилен» жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді дер кезінде қабылдады, — деді Асхат Хасенов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, газ сепарациялау кешені жобасын қаржыландыру үшін Қазақстан даму банкімен қолайлы шарттар қарастырылып жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да