Басты бетPushАлматы әуежайында барлық ішкі рейс кешікті

Алматы әуежайында барлық ішкі рейс кешікті

Алматы әуежайында барлық ішкі рейс кешікті. Рейстер орта есеппен жарты сағатқа кешіккен. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайы хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін ішкі рейстерге арналған келу аймағында кіруді бақылау жүйесі қысқа мерзімге істен шығып, жолаушылар өзара араласып кеткен.

Қауіпсіздік бойынша бекітілген алгоритмге сәйкес жолаушыларды қайта тексеру жүргізілді. Барлық шара жедел әрі ұйымдасқан түрде орындалып, рейстер кестесіне елеулі әсер еткен жоқ. Орташа кешігу уақыты 25 минуттан аспады, — делінген хабарламада.

Әуежай қазіргі уақытта қалыпты тәртіпте жұмыс істеп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да