Қазіргі таңда Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасында шамамен 18,5 миллиард текше метр су жиналды.
Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.
Былтыр су қоймасы кейінгі 10 жылда алғаш рет 100%-ке толған болатын. Су қоймасының толуы Балқаш көліне су жіберуге және облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.
Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, жалпы су көлемі 2 миллиард текше метрге ұлғайды.