Басты бетPushАстанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады?

Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады?

Астанада 7 мамыры күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған ауқымды әскери шеру өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлап отыр.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау күшейеді. Шеруге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, соғыс іс-қимылдарының ардагерлері, ҚР лҚарулы Күштері үздік бөлімшелерінің, құрметті қарауыл ротасының, ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылған.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаладағы үш орыннан тікелей трансляция өтеді:
1. ЕХРО аумағы (Түркістан және Ақмешіт көшелері жағынан кіру керек);
2. Қалалық алаң (Астана қаласы әкімдігі ғимаратының алдында);
3. Б. Момышұлы даңғылы, 1 мекенжайындағы Astana Music Hall тұрақ аумағы (Құмыра).

Шеру аяқталғаннан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін осы үш алаңда эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар қатысатын мерекелік концерт өтеді.

Іс-шара республикалық телеарналардан да тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Мына өзгерістерге назар аудару қажет:

* Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі.

* Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, өзгерістерді ескеру қажет.

* Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

* Бұл учаскелер арқылы өту және жол жүру іс-шаралар толықтай аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да