Басты бетЖаңалықтарҰлттық банк мамыр айында ұлттық қордан 1 миллиард доллар сатуы мүмкін

Ұлттық банк мамыр айында ұлттық қордан 1 миллиард доллар сатуы мүмкін

Сәуір айында ұлттық қордан ішкі нарыққа 968 миллион доллар сатылған. Бұл туралы ұлттық банк хабарлап отыр.

Сәуір айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 512,48 теңгеге дейін (1,6%-ке) әлсіреді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 243 миллион доллардан 246 миллион долларға дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,4 миллиард доллар болды. Сәуірде ұлттық қордан 968 миллион АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 18%-і, — делінген ххабарламада.

Басқаша айтсақ, өткен айда күн сайын ұлттық қордан шамамен 44 миллион доллар сатылып отырған.

Республикалық бюджетке трансферт бөлуге арналған үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдеріне сүйенсек, мамырда ұлттық банк ұлттық қордан 950 миллион доллардан 1050 миллион долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды. Ұлттық банк сәуірде валюталық интервенция жүргізген жоқ, — делінген ресми мәліметте.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да