Басты бетЖаңалықтарЖамбыл мен Түркістан облыстары шегірткемен күресіп жатыр

Жамбыл мен Түркістан облыстары шегірткемен күресіп жатыр

Жамбыл мен Түркістан облыстарында шегірткеге қарсы 348 мың гектардан астам аумақ өңделді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлап отыр.

Бұл өңірдерде 907,09 мың гектар жерге зерттеу жүргізіліп, оның ішінде 7 дрон пайдаланылды. Зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 456 мың гектарды құрап, оның 354 мың гектары экономикалық зияндылық шегінен асты.

Қазіргі таңда 348 мың гектар жер өңделді: Жамбыл облысында — 14 мың, Түркістан облысында — 335 мың гектар. Күрес шараларын тиімді жүргізу үшін 207 жер үсті бүріккіш техника, бес ұшақ, сегіз дрон және 1 000-нан астам маман жұмылдырылған. Өңдеу жұмыстары агротехникалық мерзімде, жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Биыл шегіртке 2,1 миллион гектар аумаққа таралуы мүмкін деп болжанып отыр.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллион гектарға аз. Химиялық өңдеуге 443 бүріккіш техника мен 46 дрон тарту көзделген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да