Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлап отыр.
2025 жылғы 2 мамырда Өскемен қаласында, түнде Атырау, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.