1 мамыр күні сағат 08:19-де ТЖМ-ге қарасты Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінгенін тіркеді.
Жер сілкінісінің параметрлері:
• Күні мен уақыты: 2025 жылғы 1 мамыр, 08:19
• Эпицентр координаттары: 42.843° с.е., 79.332° ш.б.
• Ошағының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылынан 10 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде.
• Эпицентрдегі есептік қарқыны: Сезілмеген
Жер сілкінгенін халық сезбеген, халыққа қауіп төнбеген.