Басты бетЖаңалықтарҮндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

Үндістан мен Пәкістан шекарасында атыс болды

Пәкістан әскері Джамму мен Кашмирдегі Паргавал секторындағы Үндістанмен шекарада оқ жаудырды. Бұл туралы NDTV хабарлап отыр.

Атысты тоқтату режимі Джамму аймағының үш негізгі секторында да бұзылды. Үндістан әскері бақылау сызығында алтыншы түн қатарынан себепсіз атыс болғанын мәлімдеп отыр.

Премьер-министр Нарендра Моди сейсенбіде кеңес өткізді, оған елдің қорғаныс министрі Раджнат Сингх, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Аджит Довал және қарулы күштердің барлық үш түрінің басшылары қатысты.

Еске сала кетейік, 22 сәуір күні қарулы адамдар Джамму мен Кашмир одағы аумағындағы әйгілі туристік қала – Пахалгамда террорлық шабуыл жасаған болатын. Әскери киім киген адамдар автоматтармен оқ жаудырған, 25 үнді азаматы мен бір непал азаматы қаза болды.

Қылмыскерлер оқиға орнынан қашып үлгерген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да