Басты бетЖаңалықтарТүркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

Түркия іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды

Түркияның құқық қорғау органдары іздеу салған ер адам Алматыда ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz. хабарлап отыр.

Шетел азаматын желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ІІМ Интерпол ҰОБ-ның сұрауы бойынша Алматы қаласының халықаралық әуежайында ұстады, — делінген хабарламада.

Күдікті 2018 жылы үй жануарларын сатамын деп жалған интернет-жарнама жасап, 67 адамның ақшасын иемденіп, Түркия елінен бой тасалаған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында қамауда.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да