Басты бетЖаңалықтарҮсік, жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Үсік, жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 30 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына өз әсерін тигізетін болады.

Елдің шығысында, оңтүстікте, оңтүстік шығыста нөсер жауын жауады, түнде облыстың солтүстігінде қар аалас жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте, оңтүстік шығыста шаңды дауыл тұрады, еліміздің солтүстігінде, солтүстік батысында, батысында, орталығында түнгі сағаттарда тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Костанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде 3 градусқа дейін үсік өтеді. Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 3 градусқа дейн үсік күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының батысында, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да