
Биыл наурызда Мысырдың бұрынғы Ұлы мүфтиі, ислам құқығының докторы Әли Жұма (Гомаа) Таяу Шығыстың бас телеарналарының бірі – Al-Hayat TV эфирінде қызық мәлімдеме жасады. Мәлімдемесі мынадай: заманауи түтінсіз темекі өнімдері, соның ішінде вейптер мен IQOS сияқты темекі қыздыру жүйелері, темекі шегуге қатысты діни тыйымға жатпайды.
Әли Жұма (Гомаа) – қазіргі заманның беделді ислам ғұламаларының бірі. Ол Каирдегі Әл-Азхар университетінде – әлемдегі ең көне және ықпалды ислам университетінде профессор болып сабақ берген. Ғалым 2003-2013 жылдары Мысыр Араб Республикасының Ұлы мүфтиі қызметін атқарып, діни-құқықтық тұжырымдама (пәтуалар) шығаратын жоғарғы орган – Дар әл-Ифтаға жетекшілік етті. 2005 жылы оның басшылығымен Дар әл-Ифта темекі шегуге тыйым салатын №3147 пәтуасын шығарды. Бұл құжатта Әли Жұма (Гомаа) ерлер мен әйелдерді өмір мен денсаулықты сақтау үшін темекіден бас тартуға шақырған. Қазіргі уақытта Әли Жұма (Гомаа) — Мысыр Халық жиналысының (парламентінің) депутаты және Әл-Азхардың Ғалымдар кеңесінің мүшесі.
Бір айта кетерлігі, XIX ғасырда ислам құқығы ғалымдарының темекіге көзқарасы қазіргі кездегідей қатаң болмаған – кейбірі оны тек жағымсыз (макрух) деп санап, шектеулі мөлшерде қолдануға рұқсат ететін. Алайда ХХ ғасырдың аяғынан бастап темекі шегудің өлімге әкелетін қауіпі туралы ғылыми дерек жиналған сайын, дінтанушылар арасында оған тыйым салу туралы ортақ пікір қалыптасты.
Ислам құқықтануының ерекшелігі
Түтінсіз құрылғылар – вейптер мен темекі қыздыру жүйелері (мысалы, IQOS) жақында ғана пайда болып, темекінің әлдеқайда қауіпсіз баламасы ретінде ұсынылып жүр. Бұл құрылғыларда темекі жанбайды, демек, шайыр, күйік және көптеген улы қосылыс жоқ. Ғылыми зерттеу бойынша, түтінсіз өнімдер денсаулыққа дәстүрлі темекіге қарағанда 95% аз зиян келтіреді. Дәл осы медициналық контекст Әли Жұма (Гомаа) пікірінше, түтінсіз баламалардың діни-құқықтық мәртебесін кәдімгі темекіден ерекшелейді.
Басты критерий – зиян деңгейі: ислам мұсылманның өз денсаулығына саналы түрде зиян келтіруіне тыйым салады. Алайда айтарлықтай зиян анықталмаса, тыйым да болмайды, – деп Әли Жұма (Гомаа) ислам құқықтануының негізгі қағидатын еске салған еді.
Бұған дейін Әли Жұма (Гомаа) түтінсіз қыздыратын жүйені зиянды азайтуды көздеген әрекет, зиянды әдеттен «психологиялық емдеу» ретінде қарастырған еді.
Қыздыратын шылым темекінің орнын басу үшін жасалған, ал шариғат тұрғысынан оларды тәуелділікті емдеу және темекіден біртіндеп бас тарту үшін қолдану заңды, – деп айтып өткен ғалым.
Никотиннің өзі жүрек-қан тамырлары ауруларын қоздырмайды және онкологиялық процестердің басталуына ықпал етпейді. Бұл — табиғи алкалоид, ол темекіде ғана емес, кәдімгі көкөністерде де (картоп, қызанақ) бар. Оның алкогольдан немесе есірткіден айырмасы интоксикатор емес және қасиетті мәтіндерде тыйым салынбаған. Тіпті, тазартылған никотин медицинада шылым шегетіндерге көмек ретінде қолданылады және дінтанушылар мұндай қолданысқа қарсы емес.
Темекіден біртіндеп бас тарту үшін никотиндік пластырьларды қолдануға рұқсат етіледі. Бұл оразаны бұзбайды және намазға кедергі келтірмейді, – деп 2007 жылы шейх Мұхаммед Салих әл-Мунажжидтің жетекшілігіндегі Islam Q&A академиялық ресурсы шешім шығарған.
Сол сияқты жанбай істейтін қыздыратын құрылғылар да тәуелділікпен күресуді жеңілдететін никотинді алмастыру терапиясы ретінде қарастырылуы мүмкін. Осылай, никотиннің өзі харам емес, шариғатта тыйым салынған нәрсе – дәстүрлі темекі шегудің денсаулыққа зияны.
Тыйым мен ақыл-парасат арасындағы тепе-теңдік
Әли Жұма (Гомаа) ұстанымы ХХІ ғасырдағы темекі мәселесіне қатысты ислам көзқарасының дамуын көрсетеді. Діни тыйым дәлелденген зиян әрекеттерге қатысты қатаң сақталады, бірақ зиянды азайту мүмкіндігі туса, беделді ғалымдар рұқсат шекарасын қайта қарауға дайын.
Сол себепті никотин жеткізудің түтінсіз құрылғылары идеализацияланбайды, бірақ негізсіз сынға да алынбайды – оларды дұрыс қолданса, өмірді сақтауға көмектесетін пайдалы құрал ретінде қарастырады. Мысырдың бұрынғы Ұлы мүфтиінің осындай байсалды әрі бейтарап ұстанымы ислам нормаларының қазіргі заманғы сынақтарға икемделе отырып, негізін сақтайтынын және әр адамның өмірі мен денсаулығына құрметпен қарайтынын дәлелдейді.