Басты бетЖаңалықтар«Бір қыз жігіттерге пышақ таратты». Прокурор марқұм Нұрқанаттың тергеу кезіндегі жауабын оқыды

«Бір қыз жігіттерге пышақ таратты». Прокурор марқұм Нұрқанаттың тергеу кезіндегі жауабын оқыды

Талдықорғанда Шерзат Болат ісі бойынша өтіп жатқан атышулы сотта прокурор Дана Сәрсенбай марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың алдын ала тергеу кезінде берген жауабын оқып берді.

Нұрғанаттың айтуынша, оқиға болған күні ол үйде ұйықтап жатқан. Жеңгесі оятып, Шерзаттың біреумен ерегесіп қалғанын хабарлаған. Нұрғанат оқиға орнына барып, алдымен Шерзаттың әкесі Қаржаубаймен сөйлескен. Дүкеннің маңында Шерзаттың Дархан есімді азаматпен сөзге келіп қалғанын көреді.

Шерзат әкесіне дөрекі сөйлеген Дарханнан «неге сөйттің?» деп сұрап жатқан. Сол сәтте Дархан сөз арасында Шерзаттың анасын боқтады. Шерзат оны ұрып жіберді. Қаржаубай болса, Дарханға: «Кішкентай баламен болған жанжалға неге басқа адамдарды шақырып тұрсың?» деді, – деді Нұрғанат Ғайыпбаев.

Оның сөзіне қарағанда, кейін ол Дарханды сабырға шақырған. Дархан кешірім сұрағанымен, дауды доғармаған. Оқиға орнына Нұрбол есімді азамат келген. Ол «Чика» деген жігітке және тағы бірнеше адамға хабарласқан.

Нұрғанаттың айтуынша, дүкен алдына жиналғандар арасынан Чика көліктен түсіп, бір топ жігітке: «Делайте!» деп бұйрық берген. Сонымен қатар тергеу барысында Шерзаттың анасы мен марқұм Нұрғанат Ғайыпбаев қана «Чика» есімді жігіт туралы айтқан. Бұл адамның тұлғасы әлі күнге дейін анықталған жоқ. Адвокаттардың айтуынша, оның кім екені сот процесі барысында белгілі болады. Кейін өзі оқиға орнынан кетіп қалған.

Сол кезде бір қыз көліктен бірнеше пышақ алып шығып, жігіттерге тарата бастады. Бірнеше жігіт маған жабылып, ұра бастады. Сол сәтте Шерзат жаныма келіп: «Ағатай, маған бірдеңе тығып алды» деді. Қасына барсам, пышақ сұғылғанын көрдім. Оған қарауға үлгермей, біз жаққа сегіз адам жүгіріп келді. Жараланғанымызға қарамай, тепкілей берді. Сол жерде менің саныма Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясов пышақ сұқты. Басымнан темір затпен соққы алдым, – деп марқұм алғашқы тергеу кезінде жауап беріпті.

Айта кетейік, бұл жауап Нұрғанат Ғайыпбаевтың көзі тірісінде тергеу кезінде берілген.

Естеріңізге сала кетейік, Талғарда 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Ер адам өзіне қол салған делінеді. Бұл жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. 

2024 жылғы 11 желтоқсанда Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзды деп, 15 тәулікке қамап тастаған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да