Басты бет Жаңалықтар Оқ тиген Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Оқ тиген Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: Мәжіліс
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оқтан жарақат алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайын айтып берді.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі кезде Руслан Берденов өзі жүріп-тұра алады.

Қазіргі кезде пациенттің жағдай тұрақты. Өзі жүре алады. Дегенмен әзірше дәрігерлердің қарауында болады, — деді Ақмарал Әлназарова үкіметте өткен брифиңде.

Естеріңізге салайық, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке әлдекім оқ атып кеткен еді. Оқиға әкімдік ғимаратының маңында болған. Руслан Берденовке үш рет оқ атқан.

Exit mobile version