Басты бетЖаңалықтарНегізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау аяқталды

Тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.

216 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 399 мыңға жуық өтініш берген. Ал 2024 жылы – 186 мыңға жуық талапкер тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 342 мың өтініш беріпті.

ҰБТ-ға өтініш берушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 16,5%-і «Математика-Физика», 15,6%-і «Биология-Химия» пәндер комбинациясын таңдады. 9,7%-і «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған.

Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 285 адам тапсыруды жоспарлап отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да