Басты бетЖаңалықтарАлматыда ҰОС ардагерлеріне төлем көбейтіледі

Алматыда ҰОС ардагерлеріне төлем көбейтіледі

Алматыда ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл шешім Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Тыл еңбеккерлеріне — 100 мың теңгеден (бұған дейін 50 мың теңге еді), — делінген хабарламада.

Барлық төлем автоматты түрде аударылады — арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.

Алматыда тұратындар:

  • 21 ҰОС ардагері,
  • 6 149 тыл еңбеккері.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да