Басты бетЖаңалықтарЕкі қалада жемқорлардан қайтарылған ақшаға су құбыры тартылады

Екі қалада жемқорлардан қайтарылған ақшаға су құбыры тартылады

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау жүйесін салуға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ақмола облысындағы Қосшы және Макинск қалаларының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, — деп жазылған хабарламада.

Қосшы қаласында су құбыры жүйесінің құрылысын аяқтауға 476,7 миллион теңге бөлінді. Жобаны іске асыру нәтижесінде халық 100% орталықтандырылған сумен қамтылады. Қазіргі таңда шамамен 50 шақырым құбыр тартылған. Жалпы, желілердің ұзындығы 64,1 шақырым болады деп жоспарланып отыр. Нысанды жыл соңына дейін тапсыру көзделген. Қолданыстағы инженерлік желі 30 мың тұрғынға есептелген. Ал ресми деректерге сәйкес, бүгінде Қосшыда 50 мыңнан астам адам тіркелген. Қаланың бас жоспарына сәйкес, 2038 жылға қарай тұрғындар саны 150 мыңнан асады деп болжанып жатыр.

Макинск қаласында су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша 72,7 шақырым желі тарту қарастырылған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен бүгінде 45 шақырым бойынша жұмыс аяқталған. Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген 606,4 миллион теңге жобаны толық аяқтап, халқы 18 мыңнан асатын қаланы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да