Басты бет Жаңалықтар Ақшаны үнемдеудің қарапайым тәсілдері

Ақшаны үнемдеудің қарапайым тәсілдері

"Ақша түкке де жетпейді", "көзді ашып-жұмғанша таусылады", "келесі айлыққа дейін жеткізу мүмкін емес"! Таныс сөздер ме? Онда мына кеңестерге көз жүгіртіп көріңіз.

1. Конверттер

Атақты бір миллионердің кеңесіне сәйкес алдымен өзіңізге төлеңіз: коммуналдық қызмет, интернет, азық-түлік, киім-кешек. Осыдан қалған ақшаны ұсақтап тастаңыз. Сөйтіп үш конвертке салыңыз да, сыртына күндерді белгілеп, 1-10, 11-20, 21-30 деп жазып қойыңыз. Енді сізде жоспардан асып кететін ешбір мүмкіндік жоқ.

2. Банк

Артық ақшаны толықтай банкте сақтаңыз. Және оны асқан қажеттілік болмаса, жоққа есептеңіз.

3. Өзіңе-өзің кредитор

Егер көптен бері аңсаған бір затты алғыңыз келсе, бірақ оны алуға не ақша жоқ, ал банктен қарызға алған сумманы бірнеше есе өсіммен қайтаратын болғандықтан былай істеңіз: банктен аламын деп жоспарлаған сумманы пайызымен бірге бірнеше айға бөліп тастап, ай сайын банкке барып салып тұрыңыз. Яғни депозит ашыңыз. Бір жылдан соң депозитіңізді шешіп, көптен күткен дүниеңізді сатып алыңыз. Ал үстінен қалған пайызға өзіңізге сыйлық жасауыңызға болады!

4. Салымды уақытынан бұрын алмаңыз

Бүгінде банктерде салымыңызды бір айдан кейін алатын мүмкіндік беретін де депозиттер бар. Бірақ депозитті бір жылға ашып, оны мезгілінен бұрын алмауға өзіңізге уәде беріңіз.

5. Шектеу қоя біліңіз

 Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз.  Бір жерде 200 мың теңге тұратын ноутбук, басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін…

6. Достар құтқарады…

Егер үнемдеуде өз күшіңізге сенбесеңіз, өзіңіз сенетін бір адамды тауып, соның көмегіне жүгінгеннің еш айыбы жоқ. Ең бастысы – үнемдеуді қалай болса да үйрену қажет.

2 пікір

  1. Кім маған көмек береді. Жаз айында айына 300000 -нан астам еңбекақы алатын жұмыс көзі барма екен? «Анау- мынау » емес. Бай əншілерге үй тірлігі, бала бағу, оқыту

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version