АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский Ватиканда Папа Францискті жерлеу алдында кездесіп, келіссөз жүргізді.
Украина президенті кеңсесі жариялаған фотосуреттерде президенттердің Әулие Петр шіркеуінде отырғанын көруге болады.
Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Ченг бұл кездесудің өткенін растады. Ол Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің «өте өнімді келіссөздер жүргізгенін» айтқан.
Бір айта кетерлігі, Ватиканда Рим папасы Францискпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр.