Басты бетPushВатиканда Рим Папасын соңғы сапарға шығарып салды

Ватиканда Рим Папасын соңғы сапарға шығарып салды

Ватикандағы Әулие Петр алаңында бірнеше тілде діни рәсім өтіп, Рим Папасы Францискті соңғы сапарға шығарып салды. Бұл туралы BBC жазып отыр.

Рәсім жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да басталып, Әулие Петр алаңына бірқатар елдің басшылары жиналды. Президенттер арасында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский де болды.

Шіркеулік қызметті кардиналдар алқасының деканы Джованни Баттиста Ре басқарды. Жергілікті халық  рәсімді металл қоршаулардың сыртынан бақылады. Рим қаласында орнатылған үлкен экрандар арқылы тікелей көрсетілім ұйымдастырылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да