Басты бетЖаңалықтарЫстамбұлда жер сілкінгеннен Өзбекстан азаматы қаза болды

Ыстамбұлда жер сілкінгеннен Өзбекстан азаматы қаза болды

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде қатты қорқып кеткен Өзбекстан азаматы қаза болды. Бұл туралы Өзбекстанның Түркиядағы бас консулдығы Telegram каналында жазды.

2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұлда тұратын жерлесіміз жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Бастапқы мәліметке қарағанда бұл қайғылы оқиға Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде жоғарғы қабатта болған азаматтың қатты үрейге салынуы салдарынан болған, — деп жазылған хабарламада.

Өзбекстанның Ыстамбұлдағы бас консулдығы марқұмның денесін отанына жөнелту үшін қажет консулдық, құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды қолға алды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да