Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда тоғыз орыс драма театрының және төрт этнос театры, яғни, ұйғыр, корей, өзбек және неміс театрларының табысты жұмыс істеп жатқанын айтты.
Алдағы уақытта Ассамблеяның 30 жылдығы аясында Алматыда бәрінің басын қосып, Қазақстан этностары театр өнерінің фестивалін өткізуге ұсыныс білдірді.
Президент сонымен қатар Астана мен Алматыда музей экспозицияларын ұйымдастыру туралы айтып өтті.
«Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс. Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлері – Қазақстан мәдениетінің баға жетпес қазынасын толықтырып тұр. Бұл музейлерді көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда ұйымдастыру маңызды. Кейбір этномәдени бірлестіктер бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекцияларды жинады. Бұл да еліміздің мәдени мұрасына айналуға тиіс, — деді президент.