Астанада «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясы басталады.
Іс-шараға 1 600-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында парламент мәжілісінің депутаттары, барлық облыстан келген Ассамблея мүшелері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары бар.
Қазақстан халқы Ассамблеясының бұған дейінгі «Бірлік. Жасампаздық. Прогресс» ХХХІІІ сессиясы 2024 жылғы 25 сәуірде өткен болатын.