Басты бетЖаңалықтарЫстамбұлдағы жер сілкінісі: 151 адам зардап шекті

Ыстамбұлдағы жер сілкінісі: 151 адам зардап шекті

Сәрсенбі, 23 сәуірде Ыстамбұлда бірнеше жер сілкінісі болды. Олардың ең күштісі магнитудасы 6,2-ге жетті.

Бұл туралы Түркия ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлап отыр.

Биліктің мәліметінше, күндізгі жер асты дүмпулері салдарынан 151 адам зардап шеккен, қаза болғандар жоқ.

Жер сілкінісінің ошағы Мәрмәр теңізінде, шамамен 7 шақырым тереңдікте, түрік мегаполисінен шамамен 60 шақырым жерде орналасқан. Бұл кейінгі 25 жылдағы аймақтағы ең күшті жер сілкінісі болды.

Бірнеше сағат ішінде 127 афтершок тіркелген, олардың ең күштісі магнитудасы 5,9 болды, — деді Түркияның ішкі істер министрі.

Әлі алда күшті жер сілкінісі болады деген болжам бар. Елдегі геофизикалық зерттеу орталығы жақын арада аймақта күшті жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да