«Қазгидромет» РМК синоптиктері 2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан аумағы бойынша дауылды ескерту жариялады.
Түнде және күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Талдықорғанда да аракідік найзағай ойнайды.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Алматы, сондай-ақ Қонаев қалаларында да күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында өрт қаупі жоғары.
Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі. Көкшетауда түнде топырақ беті қатып, үсік жүреді деп күтіледі.
Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні — 15-20 м/с болады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүру ықтималдылығы жоғарылайды.Жарнама
Астанада түнде топырақ беті қатып, 1 градус суық болады, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-18 м/с болады.
Күндіз Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, үсік жүру ықтималдылығы жоғары болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда күндіз найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таразда оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.