Астанада ҰҚК қызметкерінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Алдын ала дерек бойынша 42 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен құлап кеткен. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада қызметкері қаза болғанын растаған.
21 сәуірде Астана қаласындағы тұрғын үй кешенінің ауласынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің мәйіті табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, – делінген хабарламада.