Басты бетPushҚазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды – сауалнама

Қазақстандықтардың басым бөлігі кітап оқиды – сауалнама

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні аталып өтіп жатыр. 2024 жылы Ұлттық құрылтай отырысында жарияланған бұл шешім оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық кітап күні қарсаңында 2025 жылғы 14-18 сәуір аралығында EGOV mobile платформасында жүргізілген сауалнама қорытындысы жарияланды. Сауалнамаға Қазақстанныың барлық өңірінен 46190 адам қатысқан. Оның ішінде 50.7% – әйел, 49.3% – ер адам.

Сауалнама қорытындысы бойынша, Қазақстандықтардың 57,3% тұрақты түрде кітап оқитыны анықталған. Респонденттердің 31% жылына 1-3 кітап, 26.3% 3 кітаптан артық оқиды.  Әйелдер (58.7%) ер-азаматтарға (55%) қарағанда көбірек кітап оқиды екен.

Кітап оқуға деген қызығушылық негізінен 18-29 жас аралығындағылар мен үлкен буын (61 жастан асқан) адамдар арасында басым. Ал 30-45 жас аралығындағы адамдар салыстырмалы түрде аз оқиды. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бір бөлігі (30.6%) мүлдем кітап оқымайды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да