Басты бетPushБүгін Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады

Бүгін Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады

Бүгіннен бастап Астанада әуе кеңістігі уақытша жабылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлап отыр.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астананың әуе кеңістігін пайдалануға қысқамерзімді шектеу енгізіледі. Бас себеп – Астана аспанында 7 мамыр болатын әскери парадқа дайындық өтеді.

Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті жолаушылардан әуе компаниясы мен әуежайдан рейс уақытын тексеруді сұрайды:

Air Astana

  • Алматы: + 7 (727) 244 44 77
  • Астана: + 7 (7172) 58 44 77
  • Қосымша телефон: + 7 702 702 44 77, +7 705 927 44 77

SCAT

  • +7 (7252) 99 88 80

Qazaq Air

  • +7 (727) 356 14 14

FlyArystan

  • +7 (727) 331-10-10, + 7 702 702 02 27 (WhatsApp)

Астана әуежайы

  • +7 (7172) 702–999

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да