Басты бетҚоғамҚолданушылар Наурыз мейрамы туралы жалпы 180 мың видео түсірген

Қолданушылар Наурыз мейрамы туралы жалпы 180 мың видео түсірген

TikTok #Наурыз2025 үшінші жыл сайынғы онлайн-фестивальдің қорытындысын шығарды. Қолданушылар жоба өткен екі апта ішінде 25 мыңнан астам видео жариялаған. Фестиваль өтіп келе жатқан үш жыл ішінде қолданушылар Наурыз мейрамы туралы жалпы 180 мыңға жуық видео түсірген.

Мейрамға арналған дастархан

Ас-ауқат — фестивальдің бас тақырыптарының бірі. Қолданушылар қонақтарға жайылған дастарханды көрсетіп, наурыз көже, қуырдақ және түрлі тәттіні әзірлеу жолын көрсетті.

Ұлттық музыка және би

Мейрам кезінде домбыра трендке айналды: домбыраны шебер тартатын қолданушылар өнерін паш етіп,  дәстүрлі және заманауи туындыларға кавер жасады. Ұлттық киім киіп, би  билеу де сәнді болды. Әсіресе, Сая Махамбеттің «Қазағымсың» әніне билеу – жеке трендке айналды.

Заманауи және дәстүрлі сән өнерінің үйлесімі

Фестивальдің ең елеулі тренді — ұлттық сән өнеріне  және оны қазір заманға бейімдеуге қызығу. Қолданушылар ұлттық киімдерді жаңғыртып, заманға сай интерпретациясын ұсынды. Тіпті олар мейрам күні бетіне ою-өрнектермен макияж жасап, буындар жалғастығы мен мәдени мұраға да құрмет көрсетті.

Мейрамға арналған іс-шара

Платформа Астанадан Шымкентке, Ақтаудан Алматыға дейін, еліміздің түкпір-түкпіріндегі қала мен ауылда өткен мейрамға арналған іс-шарадан түсірілген  жарқын көріністерге толды. Рекорд та тіркелді: Көкшетауда 1 600 әйел кимешек киіп, әсерлі шеру өткізген. Ал Ақтауда бес мыңнан астам адам ұлттық киіммен Каспий теңізінің жағалауына жиылып, салт-дәстүрге құрметті паш етті.

Студенттер шығармашылығы

Студенттер ұлттық киім киіп, қойылымдарға қатысып, дастархан жайып, ЖОО қабырғасында Наурыз қалай тойланатынын көрсетті. Жалпы, #Наурыз2025 онлайн-фестиваліне Қазақстанның 24 жоғары оқу орны қатысты.

Өнер мен дәстүр

Платформадағы суретшілер мен қолөнер шеберлері шығармасын Наурыз мейрамына арнады. Олар қазақ мәдениеті туралы ойын картинаға айналдырса, тағы бірі кілемге сурет салып, тіпті қолдан шағын киіз үй жасап көрсетті.

Наурыз – отбасының мейрамы

Қолданушылар сүйікті мейрамын отбасымен бірге қалай атап өтетінін көрсетті, енді бірі үшін бұл алғашқы Наурыз тойы болыпты.