Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сай Қазақстанды қазақыландыру үшін шенділерге тағы 8 жыл уақыт қажет екен.
Ұлттық экономика министрлігінің статистикасына сенсек Қазақстан халқының 82 пайызы қазақ тілінде сөйлей алады. Бұл бірінші кезекте қазақтардың көбеюімен байланысты.
Оған қоса тіл үйренуге талпынған өзге ұлттардың қатары да өсіп келеді. 2015 жылы олардың үлес салмағы 52 пайыз болса, 2016 жылы 74 пайызға тең келген.