Басты бетЖаңалықтарЖамбыл облысында бір үйдің үш қызы газдан уланып, көз жұмды

Жамбыл облысында бір үйдің үш қызы газдан уланып, көз жұмды

Жамбыл облысында бір үйдің үш қызы газдан уланып, көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға Меркі ауданы, Сарымолдаев ауылында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына қарағанда, қыздар 3, 5 және 7 жаста болған.

Таңертең анасы қыздарды үйге қалдырып, сыртынан жауып кеткен. Үйіне келгенде газдың иісін сезген. Есінен танып қалған қыздарды анасы ауруханаға апарған.

Бірақ кеш болған. Дәрігерлер үш қызды аман алып қала алмаған. Олар естерін жимай, реанимацияда көз жұмған. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да