Басты бет Жаңалықтар 21 сәуірде Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

21 сәуірде Қазақстанның 5 қаласында ауа ластанады

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Бүгін еліміздің бес қаласында ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 21 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Жезқазған, Балқаш, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Атырау қаласында, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version