Басты бет Жаңалықтар Алматылықтарға ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Алматылықтарға ауаның ластану деңгейі жоғары болатыны ескертілді

Фото: Liter.kz
24 қарашада Қазақстанның бір қаласында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Exit mobile version