Шерзат Болаттың әжесін жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Бұл туралы UlysMedia сайты жазды.
Сот отырысында Шерзат Болаттың әжесінің қан қысымы көтеріліп кетті. Жедел жәрдем қызметкерлері марқұмның әжесін сот залынан алып кетті.
Шерзат Болаттың әжесі сотты Алматы облысында өткізуді сұрады. Ол Талдықорғанға қатынау оңай емес екенін жеткізді.
«Қысымым бірде түсіп, бірде көтеріліп тұр. Сотты Алматы облысына ауыстыруды өтінемін», — деді ол.
Айыпталушылар жағы да, қорғау жағы да сотты Алматыда өткізуді сұрады. Судья бұл ұсынысты мақұлдамады.