Басты бет Жаңалықтар Шерзат Болат ісі: Айыпталғандар ішінде бұрын сотталғандар да бар

Шерзат Болат ісі: Айыпталғандар ішінде бұрын сотталғандар да бар

Сот видеосының скрині
Шерзат Болат өліміне қатысты сотта айыпталушылар туралы ақпарат оқылды.
  1. Равиль Сәкиев 1998 жылы туған. Бұрын мейрамхана әкімшісі болып істеген. Бойдақ. 2021 жылы Талғар аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша екі жыл алты айға бас бостандығы шектелген. Қазір соттылығы жойылған.
  2. Шыңғыс Белғожаев 2000 жылы туған. Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып істеген. 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығы шектелген. Бойдақ.
  3. Азамат Тоқтаубаев. 2020 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған.
  4. Дархан Әскентай 1993 жылы туған. Бұрын істі болған.
  5. Нұрбол Тоқтаубаев 1996 жылы туған. Үйленген. Сот қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарған.
  6. Нұрқияс Ілиясов 1998 жылы туған. 2023 жылы 107-бап бойынша екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген, жазасы өтелмеген. Бойдақ, жұмыссыз.
  7. Дидар Қалиахмет 1998 жылы туған. Бұрын істі болмаған. Үйленген, екі баласы бар.
  8. 17 жасар Думан Ысқақ. 11-сыныпта оқитын оқушы.
  9. Абзал Шынасыл. «Адам өлтіру», «Бұзақылық» бабы бойынша сот алдында жауап береді.

Бүгін Шерзат Болат өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысын Жоғарғы соттың You-Tube-арнасынан көре аласыз.

Exit mobile version