Қазақстанның Украинадағы елшісі ауысты. Бұл туралы «Ақорда» хабарлап отыр.
Президенттің жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Дархан Кәлетаев 2020 жылғы 22 ақпанда Украинадағы елші болып тағайындалған. Бір айта кетерлігі, ол елші болып тұрған тұста Ресей Украинаға басып кірген еді.
Қазақстанның Украинадағы елшісі болып 54 жастағы Төлежан Барлыбаев тағайындалды. Ол бұған дейін 2022 жылғы наурыздан 2024 жылғы қарашаға дейін Қазақстанның Словакиядағы елшісі болған.