Шерзат Болат өліміне қатысты сотта айыпталушылар туралы ақпарат оқылды.
- Равиль Сәкиев 1998 жылы туған. Бұрын мейрамхана әкімшісі болып істеген. Бойдақ. 2021 жылы Талғар аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша екі жыл алты айға бас бостандығы шектелген. Қазір соттылығы жойылған.
- Шыңғыс Белғожаев 2000 жылы туған. Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып істеген. 2015 жылы 106-бап бойынша бас бостандығы шектелген. Бойдақ.
- Азамат Тоқтаубаев. 2020 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған.
- Дархан Әскентай 1993 жылы туған. Бұрын істі болған.
- Нұрбол Тоқтаубаев 1996 жылы туған. Үйленген. Сот қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу туралы үкім шығарған.
- Нұрқияс Ілиясов 1998 жылы туған. 2023 жылы 107-бап бойынша екі жыл алты ай бас бостандығы шектелген, жазасы өтелмеген. Бойдақ, жұмыссыз.
- Дидар Қалиахмет 1998 жылы туған. Бұрын істі болмаған. Үйленген, екі баласы бар.
- 17 жасар Думан Ысқақ. 11-сыныпта оқитын оқушы.
- Абзал Шынасыл. «Адам өлтіру», «Бұзақылық» бабы бойынша сот алдында жауап береді.
Бүгін Шерзат Болат өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сот отырысын Жоғарғы соттың You-Tube-арнасынан көре аласыз.