Басты бетЖаңалықтарССКӨБ ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тағы 15 000 ағаш екті

ССКӨБ ұжымы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тағы 15 000 ағаш екті

ERG-дің эко-стратегиясы қолданылып жатыр. Жаппай көшет егу сәуірдің алғашқы күндерінен-ақ басталды. ERG құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің ұжымы үйінді ауданына 14 мың ағаш екті. Бұл тізімге тағы бір эко-акция қосылды: ССКӨБ дайын өнім қоймасының жанына бір мың пирамидалық терек отырғызылды.

ERG-де әзірленген экологиялық стратегия 2018 жылдан бастап тиянақты іске асып келеді. Бұл компания кәсіпорындарында «Жасыл экономика» қағидаттарына бағытталған шешімді енгізуге мүмкіндік береді. Соның бірі – Қостанай облысының жасыл желегін жыл сайын толықтыру. Бұл — «Таза Қазақстан» мемлекеттік экологиялық қозғалысына орайластырылған эко-акция. ССКӨБ Дайын өнім қоймасының аумағы мен қала арасында 1000 түп «жасыл қоршау» — көшет отырғызылған.

Ағаш егу – біздің жақсы дәстүріміз. Мұндай акциялар жыл сайын ұйымдастырылады. Былтыр кеншілер 17 мыңнан астам көшет отырғызды. Бұл жерде 14 мың терек үйінді бойына егілген еді, бүгін тағы бір мыңы отырғызылды. Аймағымызды көгалдандыру ERG ұзақмерзімді экологиялық стратегиясына негізделген және оның міндеттерін тиянақты орындаймыз, — деді Қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы — ССКӨБ бас экологы Анатолий Дворниченко.

ағаш отырғызу, ағаш егу
Фото: ERG

Бұл жолы кеншілердің экологиялық бастамасына колледж студенттері де белсене қатысты. Олардың көпшілігі болашақта ССКӨБ ұжымының қатарына қосылады. Бірлестік экологтарының, мердігер ұйымдар қызметкерлерінің және студенттердің ерікті десанты жұмысты бір сағаттан аз уақыт ішінде орындады.

Жыл сайын кәсіпорнымыздың өнеркәсіп аймағын көгалдандырамыз. Экожүйені, атап айтқанда ауаны жақсартуға тырысамыз. Өнеркәсіп кәсіпорны қоршаған ортаға әсер етеді. Бұл әсерді азайтуға және ауаны тазартуға тырысамыз. Көптеген әдістің бірі – ағаш егу, — деді экология бойынша сарапшы Игорь Гонтаренко.

ағаш отырғызу, ағаш егу
Фото: ERG

Кәсіпорын экологтары көшет отырғызумен қатар, олардың жерсінуін де бақылайды. 2023 жылы егілген 17 мыңнан астам ағаштың 80%-тен  астамы тамыр жайған. Кепкен көшеттер ауыстырылады. ERG басымдықтарының бірі – топ кәсіпорындары орналасқан барлық аймақта қоршаған ортаға қамқор болу.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да