Черногорияның жоғары соты “Немолчи.кз” қорының басшысы Дина Таңсәріні Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты. Бұл туралы қордың әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған.
Динаны босатты. Черногорияның жоғары соты Динаны эксрадиция жасаудан бас тартты. Бұл іс әлі қаралады, — делінген жазбада.
Дина Тәңсәрі — құқық қорғаушы. Ол — зорлық-зомбылық көрген адамдардың құқығын қорғайтын “Немолич.кз” қорының басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде Дина Тәңсәріні Черногорияда полиция ұстаған еді. Дина Қазақстаннан 2021 жылы көшіп кеткен. 2023 жылы оны іздеу жарияланды. Құқық қорғау органдары ол қорға заңсвз қаржы жиды және оны басқа мақсатта да жаратты деп күдіктенеді. Динаның айтуынша, билік зорлық-зомбылық мәселесін көтерген қорды жапқысы келеді. Ал Human Rights Watch ұйымы биліктің бұл әрекетін “қордың заңды жұмысын қаралап жатыр” деп баға берген.