Басты бетЖаңалықтар15-17 сәуір аралығында ауа райы қандай болады?

15-17 сәуір аралығында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде күн суып, қар аралас жаңбыр жауады деп болжап отыр.

Атмосфералық фронт өтетіндіктен, елдің көп бөлігінде күн райы тұрақсыз болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін, түнде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аймақтарында жауын-шашын болады.

15 сәуірде Ақмола облысында, 15 сәуірде түнде және 16 сәуірде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы облыстарында және Жетісу облысында жауын-шашын болады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін.

15-17 сәуір күндері Батыс Қазақстан облысында, 15-16 сәуір күндері Атырау, Ақмола, 15-17 сәуір күндері Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуір күндері Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус аяз болуы мүмкін.

Күндіз температуралық фон мынадай болады:

  • Елдің батысында 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін жылынады.
  • Оңтүстік-батыста негізгі фон 15-25 градус жылы.
  • Солтүстік-батыста 8-16 градустан 12-20 градусқа дейін жылынады, 17 сәуірде аймақтың солтүстігінде 5-10 градусқа дейін төмендейді.
  • Солтүстікте жылу 7-15 градустан 0-10 градусқа дейін төмендейді.
  • Орталықта 10-18 градустан 13-21 градусқа дейін жылынады.
  • Шығыста 9-18 градустан 10-20 градусқа дейін жылынады.
  • Оңтүстікте 15-23 градустан 17-25 градусқа дейін жылынады.
  • Оңтүстік-шығыста 17-23 градустан 13-20 градусқа дейін жылынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да