Басты бет Жаңалықтар Бүгін Астананың қай көшелерінде жол қозғалысы шектеледі?

Бүгін Астананың қай көшелерінде жол қозғалысы шектеледі?

Бүгін, 4 мамыр күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін әскери шеруге дайындық кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кей көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

«Көлік жүргізушілерін кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдауды сұраймыз»,-делінген Астана әкімдігінің сайтында.

Ресми ақпарат бойынша, мына көшелерде жол қозғалысы шектеледі:

— 40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

— Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б.Момышұлы даңғылына дейін

— Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

— Ш.Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

— Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

— Б.Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version