Бүгін Астананың қай көшелерінде жол қозғалысы шектеледі?

«Көлік жүргізушілерін кептеліс жағдайларына жол бермеу мақсатында қозғалыстың қолайлы маршрутын таңдауды сұраймыз»,-делінген Астана әкімдігінің сайтында.

Ресми ақпарат бойынша, мына көшелерде жол қозғалысы шектеледі:

— 40-шы станциядан Байырқұм көшесіне дейін, Қошқарбаев көшесіндегі көпір астына дейін;

— Қошқарбаев көшесіндегі көпір астынан Б.Момышұлы даңғылына дейін

— Тәуелсіздік даңғылы Б.Майлин көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін (мектеп);

— Ш.Қалдаяқов көшесі М3 көпірінен Тәуелсіздік даңғылына дейін;

— Нәжімеденов көшесі Ш.Қалдаяқов көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Байтұрсынов көшесі Қошқарбаев көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;

— Қошқарбаев көшесі Б.Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейін;

— Б.Момышұлы даңғылы Сәтбаев көшесінен Дарабоз көшесіне дейін.

ДереккөзAstana.gov.kz